Accessibility links

Қызылордада жол апатынан бес адам қаза тапты


Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы жол апаты. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл.

Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы жол апаты. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл.

"Қызылорда облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты" деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Жол апаты бейсенбіде "Самара-Шымкент" тас жолының бойында, Сексеуіл станциясының тұсында болған. Соқтығысқан "ВАЗ" және "Мицубиси" көліктерінің екі жүргізушісі және "Мицубисидегі" үш жолаушы қайтыс болған.

Бейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысында "Алматы-Термез" тас жолының бойында "Хюндай" шағын автобусы мен "Сетра" қала аралық автобусы соқтығысып, үш адам қаза тауып, бес адам жараланған. Жараланғандардың барлығы - Өзбекстан азаматтары.
XS
SM
MD
LG