Accessibility links

БҰҰ Малиге әскер жіберуді мақұлдады


Малидің солтүстігін бақылауға алған "Әл-Қаидамен" байланысы бар исламшыл топ мүшелері. Мамыр, 2012 жыл.

Малидің солтүстігін бақылауға алған "Әл-Қаидамен" байланысы бар исламшыл топ мүшелері. Мамыр, 2012 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Малиге көтерілісшілермен және исламшыл жасақтармен күресу үшін халықаралық күштер әскерін жіберуді мақұлдады. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі Мали үкіметіне елдің солтүстік бөлігін "террористерден, экстремистер мен қарулы топтардан" босатып, бақылауға алуға көмектесу үшін халықаралық күштер әскеріне бір жылдық мандат беруге келісті.

Батыс Африка елдері аталған миссияға қатысу үшін Малиге 3 мың 300 әскери қызметкер жіберетін болды.

Малиде наурызда мемлекеттік төңкеріс болып, елдің солтүстік бөлігі қараусыз қалған соң ол аймақ туарег тайпасынан шыққан көтерілісшілердің және "Әл-Қаидамен" байланысы бар топтардың бақылауына өткен еді.

Елде халықаралық күштер қатысатын операция келесі жылдың қыркүйегінде басталуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG