Accessibility links

Кейбір аймақтарда жолдар жабылды


Алматы көшелерінде жүрген көліктер. 5 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Алматы көшелерінде жүрген көліктер. 5 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Жамбыл облысының аумағында "Алматы-Ташкент" тас жолының 161-195 шақырымындағы Қордай асуында жол жабылды" деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Ал Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі ҚазТАГ агенттігіне Қордай асуына жетер тұста, "Отар" жол полициясы бекетінде қатты аяз бен боран, қардан 800-ге тарта автокөлік жиналып қалғаны туралы ақпарат берген.

ІІД қазір жолдарда көктайғақты азайту, жолды тазалау жұмыстары жүріп жатқанын айтады.

Көлік және коммуникациялар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, бүгін тұман және жолдың нашар көрінуінен Алматы облысында Алматы-Ташкент-Термез автожолында (59-143 шақырым), Алматы-Көкпек-Қорғас автожолының Шелек-Көкпек (107-164 шақырым) учаскесінде автокөліктер жүрісіне шектеу қойылған.
XS
SM
MD
LG