Accessibility links

Обама Керриді мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) сенат мүшесі Джон Керриді мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынатынын мәлімдеді. Ақ үй, Вашингтон, 21 желтоқсан 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) сенат мүшесі Джон Керриді мемлекеттік хатшы қызметіне ұсынатынын мәлімдеді. Ақ үй, Вашингтон, 21 желтоқсан 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мемлекеттік хатшы қызметіне демократиялық партияның өкілі, АҚШ Конгресі сенатының халықаралық істер жөніндегі комитетінің жетекшісі Джон Керриді ұсынатынын мәлімдеді.

Бұған дейін осы қызметке үміткер ретінде есімі аталған БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Сьюзан Райс Конгресте республикалық партия өкілдерінің қатты сынына тап болған соң өз кандидатурасын қайтарып алған еді.

АҚШ-тың қазіргі мемлекетік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің бұл қызметтен кететіні туралы осыған дейін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

69 жастағы Джон Керри 2004 жылы АҚШ президентінің сайлауында демократиялық партияның атынан түскен, бірақ ол сайлауда кіші Джордж Буш жеңіске жеткен еді.
XS
SM
MD
LG