Accessibility links

Саакашвили: Күзеттен бас тартуым мүмкін


Грузия президенті Михаил Саакашвили. Брюссель. , 14 қараша 2012 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили. Брюссель. , 14 қараша 2012 жыл.

"Парламент президенттің күзет қызметін үкіметке бағынышты ететін болса, ондай күзеттен бас тартуға дайынмын" деп мәлімдеді Грузия президенті Михаил Саакашвили

Грузия саясаттанушыларының пікірінше парламенттің көпшілік дауыспен президент күзетін үкімет қарауына алуға талпынысы Саакашвили басқаратын «Бірыңғай ұлттық қозғалысқа» психологиялық қысым жасап, әлсіретуге бағытталған.

Грузия парламенті мемлекеттік күзеттің арнаулы қызметін толғымен үкіметке бағынышты етуді көздейтін заң жобасын талқылауға кірісті деп хабарлайды «Кавказ» ақпараттық порталы.

Осыған орай Михаил Саакашвили қайтарған жауапты парламент төрағасы Давид Усупашвили «саяси қоқан-лоқы» ретінде бағалаған.
XS
SM
MD
LG