Accessibility links

Сирияның химиялық қаруы Асадтың қолында


Сирия президенті Башар Асадқа қарсы наразылық шеруі. Сирия, 21 желтоқсан 2012 жыл
Сирия президенті Башар Асадқа қарсы наразылық шеруі. Сирия, 21 желтоқсан 2012 жыл

-Азамат соғысы жүріп, үкімет күштерінің кейбір аудандарды бақылаудан шығарып алуына қарамастан Сирияның химиялық қаруы президент Башар Асадтың бақылауында,-деді бүгін Израиль қорғаныс министрлігінің өкілі Амос Гилад. Бүл туралы ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

«Егер Асад кетсе Сирияда бей-берекетсіздік басталады. Таяу шығыста бұрыннан солай, кімнің орнына кім келетінін білмейсің» -дейді Амос Гилад. Оның айтуына қарағанда «үкімет күштері мен оппозиция арасындағы соғыс «тығырыққа тірелген», «екі жақтың да бірін-бірі жеңетін шамасы жоқ». Ал, халықаралық қысымға қарамастан Башар Асадтың кететін түрі де көрінбейді,

Израиль саясаткерлері Асад режимі құлатылса, химиялық қару «исламшылдар» мен шииттік «Хезболла» жасағының қолына өтіп кетуі мүмкін деген қаупін білдірген еді.
Ресей ақпарат агенттігі Израиль қорғаныс министрінің пікірі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың «екі жақты келіссөзге отырғызу» жөніндегі пікірімен сай келгенін жазады.
XS
SM
MD
LG