Accessibility links

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынаған



-КХДР "ауа-райы туралы ақпарат беретін спутник ұшырдық" деген желеумен құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді"- деп хабарлады бүгін "Ренхап" агенттігі Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің деректеріне сүйене отырып.

12 желтоқсанда КХДР ұшырған зымыран сынықтарын зерттеген Оңтүстік Кореялық мамандар осындай тұжырымға тоқтаған.

Олардың айтуына қарағанда, бұл зымыран салмағы 600 кг ядролық қаруды 10 мың км-ге дейін жеткізе алады. Яғни АҚШ-тың батыс жағалауына дейін жетуіге мүмкіндігі бар.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Солтүстік Кореяға зымыран немесе ядролық технологияны сынақтан өткізуге тыйым салған еді. БҰҰ-ның бұл санкциясы 2006 және 2009 жылы Солтүстік Кореяның ядролық сынағынан кейін салынған.
XS
SM
MD
LG