Accessibility links

Пәкістанда қаза тапқан саясаткер жерленді


Хайбер Пахтунхва провинциясының министрі Башир Билоур.

Хайбер Пахтунхва провинциясының министрі Башир Билоур.

Пәкістанда Хайбер Пахтунхва провинциясының аға министрі, "Талибанның" шабуылынан қаза тапқан Башир Билоурді бүкіл ел аза тұтып жерледі.

69 жастағы Башир Билоур және өзге сегіз адам 22 желтоқсанда саяси жиын кезінде жанкешті жарған бомбадан мерт болған.

Жарылысқа жауапкершілікті Пәкістандағы "Талибан" ұйымы өз мойнына алып, басқа да бірнеше зайырлы шенеуніктерге қастандық жасайтындарын мәлімдеген.

Провинцияны бес жыл бойы басқарып келе жатқан, исламшыл бүлікшілерге ашық қарсы шыққан Башир Билоур - "Талибанды" сынаған зайырлы Халықтық ұлттық партиясының жетекшісі болған.

Пәкістан президенті Азиф Әли Зардари Билоурдің қазасын "ұлттық апат" деп атады.
XS
SM
MD
LG