Accessibility links

Тәжікстан 129 сайтты жабу себебін түсіндірді


Facebook әлеуметтік желісінің белгісі мен iPhone. (Көрнекі сурет).

Facebook әлеуметтік желісінің белгісі мен iPhone. (Көрнекі сурет).

"Тәжікстанның байланыс министрлігі өткен аптада 129 сайттың жабылуына техникалық-профилактикалық жұмыстар себеп болды деген түсінік берді" деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Байланыс министрлігінің барлық интернет-провайдерлер атына жолдаған тізімінде негізінен ойын-сауық бағытындағы сайттардың жабылғаны көрсетілген.

Тізімдегі сайттардың арасындағы ең танымалы - Mail.ru-дың "Мой мир" әлеуметтік желісі. "Тізімде саяси, я ақпараттық бағыттағы сайттар жоқ" дейді агенттік.
XS
SM
MD
LG