Accessibility links

Навальныйге қарсы үшінші тергеу жүріп жатыр


Ресейлік блогер Алексей Навальный. Мәскеу, 15 желтоқсан 2012 жыл.

Ресейлік блогер Алексей Навальный. Мәскеу, 15 желтоқсан 2012 жыл.

Ресей билігі президент Владимир Путинді ашық сынап жүрген блогер, 36 жастағы заңгер Алексей Навальныйдың үстінен үшінші тергеу бастады. Тергеушілер оны 2007 жылы 3 миллион АҚШ долларын "жымқырды", сол жылы өзі басқарған жарнама компаниясын "Оңшыл күштер одағы" ұйымының қаржысын ұрлау үшін пайдаланды" деп айыптады. Навальный ол айыптауларды "ақылға қонымсыз" деп бағалады.

Навальный - танымал блогер және сыбайлас жемқорлықпен күресуші. Ол соңғы жылдары Путинге қарсы наразылық акцияларын ұйымдастырып жүр. Оның үстінен қазірдің өзінде екі іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG