Accessibility links

Баймағамбетовті 12 жылға соттауды сұрады


Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комиетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов сот залында. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовтің сотында мемлекеттік прокурор Дариға Мусина оны 12 жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға жіберуді және мүлкін тәркілеуді сұрады деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Сейсенбіде өткен соттың жарыссөз кезеңінде сөйлеген Дариға Мусина Серік Баймағамбетовке 7 жыл бойына мемлекеттік қызмет істеуге тыйым салуды да сұраған.

Серік Баймағамбетовтің соты 19 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында басталған. Оған "облыстық кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасарынан қызметке тағайындағаны және қамқорлық жасағаны үшін пара алды", "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деген айыптар тағылған.

Серік Баймағамбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған.
XS
SM
MD
LG