Accessibility links

Египет референдум қорытындысын жарияланды


Сайлау учаскесінде дауыс берілген бюллетендерді санап жатыр. Каир, 22 желтоқсан 2012 жыл.
Сайлау учаскесінде дауыс берілген бюллетендерді санап жатыр. Каир, 22 желтоқсан 2012 жыл.
Египет сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс бергендердің 64 пайызы жаңа конституция жобасын қолдаған. Екі кезеңнен тұрған дауыс беру процесіне 50 миллионға тарта сайлаушылардың 33 пайызға жуығы ғана қатысқан.

Конституция жобасын исламшыл президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары дайындаған. Оппозиция жобаны "демократиялық еркіндікті, әйелдер мен аз топтар құқықтарын шектейді" деп сынаған. Биліктің қарсыластары бірнеше апта наразылық акцияларын ұйымдастырды.

Оппозиция референдум барысында көптеген заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді.

Жаңа конституцияға сай алдағы екі айда парламент сайлауы өткізілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG