Accessibility links

Ұшақ апатына қатысты іс қозғалды


Тұрғанбек Стамбеков, ҰҚК шекара қызметінің директоры қызметін атқарушы. Үшарал, 26 шілде 2012 жыл.

Тұрғанбек Стамбеков, ҰҚК шекара қызметінің директоры қызметін атқарушы. Үшарал, 26 шілде 2012 жыл.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, 25 желтоқсанда Шымкент қаласының маңында ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің АН-72 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Шымкент әскери гарнизоны аталған оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша ("Ұшу немесе оған дайындық жасау ережелерінің бұзылуы") іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

ҰҚК таратқан ақпаратқа қарағанда, Астанадан Шымкентке бет алған ұшақта барлығы 27 адам болған. Олардың жетеуі - экипаж мүшелері, 20-сы - әскери қызметкерлер. Ұшақта шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG