Accessibility links

ҰҚК басшысы: Ұшақтың "қара жәшігі" табылды


ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 16 шілде 2010 жыл.
ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 16 шілде 2010 жыл.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев Шымкентте өтіп жатқан брифингте ұшақ құлаған аумақтан "қара жәшігі" табылғанын мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ол қазір апаттың бірнеше себебі қарастырылып жатқанын, олардың бастысы - ауа-райының қолайсыздығы мен адами фактор екенін айтқан. ҰҚК төрағасы нақты мәлімет қара жәшік оқылғаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеген.

Әбіқаевтың айтуына қарағанда, қаза тапқандардың денелеріне гендік сараптама жасалуы да мүмкін.

25 желтоқсанда Шымкент маңында ҰҚК шекара қызметінің ұшағы құлап, 27 адам қаза тапқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 27 желтоқсанды қаза тапқандарды еске алу үшін жалпы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
XS
SM
MD
LG