Accessibility links

Ақтөбеде қаза тапқан шекарашыларды еске алды


Тұрғындар Ақтөбедегі 2030-әскери бөлімінің штабы орналасқан ғимаратқа гүл қойып жатыр. Ақтөбе қаласы, 26 желтоқсан 2012 жыл.
Тұрғындар Ақтөбедегі 2030-әскери бөлімінің штабы орналасқан ғимаратқа гүл қойып жатыр. Ақтөбе қаласы, 26 желтоқсан 2012 жыл.
26 желтоқсанда ақтөбелік бір топ жас пен қала тұрғындары, жергілікті журналистер - жиыны 50-ге тарта адам ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2030-әскери бөлімінің штабы орналасқан ғимараттың жанына жиналып, гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі хабарлады.

- Шекарашылардың қазасы қабырғамызды қайыстырды. Кейбір ақпараттарға қарағанда екеуі жерлесіміз, ақтөбелік екен. Қара жамылып қалған шаңырақтар мен барлық қазақстандықтарды қолдау үшін келіп тұрмыз, - деді курстастарымен бірге шекарашылардың штабына келген студент Әлия Орынбасарова Азаттық тілшісіне. Оның айтуынша, жастар өз ықтиярларымен жиналған.

Ақтөбеліктер гүл қойып жатқан сәтте ғимараттан ешкім шыққан жоқ.

25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 27 адам түгел қаза тапқан еді. Олардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG