Accessibility links

Ресей кеңесі "Дима Яковлев заңын" мақұлдады


Ресей федерация кеңесінің отырысы. Мәскеу, 27 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей федерация кеңесінің отырысы. Мәскеу, 27 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей федерациялық кеңесі бүгін ресейлік балаларды АҚШ азаматтарының асырап алуына тыйым салатын "Дима Яковлев заңын" бірауыздан мақұлдады. Заң жобасы енді президент Владимир Путиннің қол қоюына жіберіледі.

Сәрсенбіде федерация кеңесі ғимаратының алдында аталған құжаттың қабылдануына қарсылық танытқан ондаған адам тұтқындалды. Заң жобасын сынаушылар "құжат жетім балалардың жақсы өмір сүру құқықтарын шектейді" дейді.

Ресей мемлекеттік думасы "Дима Яковлев заңы" аталып кеткен құжатты АҚШ "Магнитский актісін" қабылдаған соң ұсынған. Ол акт ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің қазасына қатысы бар делінген ресейлік шенеуніктерге қарсы санкциялар салуға бағытталған.
XS
SM
MD
LG