Accessibility links

Сирия әскери полициясының басшысы елінен кетті


Сирия ерікті армиясының жауынгері қираған ғимарат орнында жүр. Алеппо, 17 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Сирия ерікті армиясының жауынгері қираған ғимарат орнында жүр. Алеппо, 17 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
"Сирия әскери полициясының басшысы генерал-майор Абдул Азиз Жазем әл-Шаллал Түркияға кеткен болуы мүмкін" деген жорамал бар. "Әл-Арабия" телеарнасы таратқан видеода генерал "халықтық революцияға" қосылғанын мәлімдеген. Ол Сирия армиясы "енді халықты қорғау миссиясынан бас тартып, қиратушылар адамды қырғынға ұшыратушыларға айналды" деген.

Шаллал "Сирияда елді тастап кеткісі келетін басқа да офицерлер барын, бірақ биліктің қырағы бақылауында отырғандықтан әзірге қашуға мүмкіндіктері жоғын" айтады.

Өткен жылдың көктемінде басталған халық толқуларынан бері елден ондаған генерал қашып кетті. Шаллал - мұсылман сүнниттер арасындағы жоғары қызметке тағайындалған санаулы адамдардың бірі.
XS
SM
MD
LG