Accessibility links

Солтүстік Осетияда мүфтидің орынбасарын атып кетті


Солтүстік Осетия бас мүфтиінің орынбасары Ибрагим Дударов.

Солтүстік Осетия бас мүфтиінің орынбасары Ибрагим Дударов.

Ресейдің Солтүстік Осетия-Алания республикасында мүфтидің орынбасары Ибрагим Дударовты белгісі біреулер атып өлтіріп кетті.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, мүфтидің орынбасарын 26 желтоқсанда Владикавказ қаласында өз көлігінде өлтіріп кеткен.

Бұл - Ресейде 2012 жылы мұсылман діни жетекшілеріне жасалған жетінші шабуыл.

Жазда Қазанда Татарстан бас мүфтиі Илдус Файзов шабуылдан жараланып, оның орынбасары Валиулла Якупов қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG