Accessibility links

Апат құрбандары отбасыларына көмек көрсетілмек


Шымкенттегі ұшақ апатынан қаза тапқан 27 адамның 26-сы - шекара қызметкерлері. (baq.kz сайтындағы суреттің скриншоты)

Шымкенттегі ұшақ апатынан қаза тапқан 27 адамның 26-сы - шекара қызметкерлері. (baq.kz сайтындағы суреттің скриншоты)

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын "Ан-72" ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына бөлетін болды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленовтің Twitter-дегі парақшасына жазғанына қарағанда, қаржы министрлігі мен оған бағынышты комитеттер де жаңа жыл мерекесін ұжымдық түрде тойлаудан бас тартып, оған жұмсалатын қаржыны қаза тапқан азаматтардың отбасыларына аудармақ.

25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адам түгел қаза тапқан. Олардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG