Accessibility links

"Оқушыларды жезөкшелікке тартқан" әйел сотталды


Ақтөбе қаласы. Желтоқсан, 2012 жыл. Көрнекі сурет
Ақтөбе қаласы. Желтоқсан, 2012 жыл. Көрнекі сурет
Ақтөбеде мектеп оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деп айыпталған 33 жастағы әйел сот үкімімен төрт жылға сотталды. Ал оның сыбайласы деп танылған жігіт алты жылдық жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Екі баланың анасы Шолпан Мырзағалиеваны сот қылмыстық кодекстің 132-1 бабының 1-бөлімі бойынша айыпты деп тапты. Ал оның сыбайласы Ахат Нығметов осы баптың 2-бөлімі бойынша айыпталып отыр.

"Мектеп оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген" азаматшаға прокурорлар соттың ең кемінде бес жылдық жаза кесуін сұраған еді. Бірақ судья Нұрлыбек Ормаханов сотталушының кәмілетке толмаған екі баласы барын ескергенін айтады. Жәбірленуші тарап пен адвокаттар сот үкіміне разы емес.

Биыл 29 мамырда Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі «мектеп оқушыларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қала тұрғыны мен оның 3 сыбайласы қолға түсті» деп хабарлаған еді. Сол жолы 33 жастағы әйелдің үстінен полицияға 14 ата-ана шағым түсірген болатын.
XS
SM
MD
LG