Accessibility links

Апат құрбандары отбасыларына өтемақы төленеді


АН-72 ұшағы құлаған жерде жүрген полиция қызметкерлері. 24kz телеарнасының апат туралы сюжетінен алынған скриншот. Оңтүстік Қазақстан облысы, 25 желтоқсан 2012 жыл.

АН-72 ұшағы құлаған жерде жүрген полиция қызметкерлері. 24kz телеарнасының апат туралы сюжетінен алынған скриншот. Оңтүстік Қазақстан облысы, 25 желтоқсан 2012 жыл.

"Ан-72" ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына 5 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы беріледі деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтемақы әр қаза тапқан әр қызметкердің айлық жалақысы мөлшеріне сай, 5 жылдық еңбекақысы ретінде төленеді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлер бір күндік жалақыларын қаза тапқан отбасыларына аударатындарын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG