Accessibility links

Ресейдің экс-министрі тергеуге шақырылды


Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков.

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков мемлекет мүлкін жымқыру фактісі бойынша 28 желтоқсанда тергеуде жауап беруге шақырылды.

Сердюковті Ресей президенті Владимир Путин қарашаның басында жанжалға байланысты қызметінен босатқан еді.

Анатолий Сердюковтің өзі ешқандай күдікке ілінбеген, бірақ оның бұрынғы қызметкері Евгения Васильева "алаяқтық жасау және қаржы жымқыру" фактісі бойынша айыпты деп танылған. Тергеушілер "Васильева қорғаныс министрлігінің мүлкін нарықтағы құнынан төмен бағаға сатып, мемлекетке 98 миллион АҚШ доллары көлемінде зиян келтірген мәмілеге қатысы бар" дейді.
XS
SM
MD
LG