Accessibility links

Прокуратура: Журналиске қатысты қылмыс ашылды


Журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттық радиосының онлайн-конференциясында. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров Азаттық радиосының онлайн-конференциясында. Алматы, 22 қазан 2012 жыл.

«Уральская неделя» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасағандар ұсталып, қылмыс ашылды» деп хабарлады бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткізген брифингте.

Лұқпан Ахмедьяровты Оралда, 2012 жылы 19 сәуір күні түнге қарай үйінің алдында белгісіз екі адам тапаншамен атып, бірнеше рет пышақтап кеткен еді. Ахмедьяров ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, аман қалған.

«Шабуыл жасаған барлық үш адам және шабуылды ұйымдастырған, бұрын сотталған жергілікті қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Қылмысты жасағандар кінәсін мойындады, Ахмедьяров та оларды өзіне шабуыл жасағандар деп таныды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша («кісі өлтіру, яғни өзге адамды құқыққа қайшы әрі саналы түрде өлтіру») іс қозғалды» деді прокуратура өкілі.

Лұқпан Ахмедьяров шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырған.
XS
SM
MD
LG