Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларын қысқартпақ


«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. 2006 жыл.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының ғимараты. 2006 жыл.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 2013 жылы 3 мың адамды жұмыстан қысқартпақ деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Компанияның "Жақтау" кәсіподағының төрағасы Владимир Дубиннің айтуынша, 14 желтоқсанда компания директоры Виджай Махадеван металлургиялық комбинат бөлімшелерінің жетекшілері 2013 жылы жұмысшылар санын 12 мың 948 адамға дейін қысқарту қажеттігі туралы бұйрық шығарған. Қазір комбинатта 15988 адам жұмыс істейді.

Кәсіподақ төрағасының сөзіне қарағанда, компания басшылығы жұмысшылар санының не себепті қысқартылатыны туралы ақпарат бермеген.

"АрселорМиттал Теміртау" - Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі саласындағы ірі компания және ол халықаралық ArselorMittal болат қорыту концернінің құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG