Accessibility links

Журналист Әбиевтің табылғаны хабарланды


Журналист Тоқберген Әбиев. Астана, 9 қараша 2012 жыл.
Журналист Тоқберген Әбиев. Астана, 9 қараша 2012 жыл.
Астана қалалық ішкі істер департаменті "жоғалып кеткен" журналист Тоқберген Әбиевті тапты деп хабарлады қазақстандық ақпарат құралдары.

"Кешенді шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тілші осы уақытқа дейін дін-аман жасырынып келген пәтер анықталды. Оның өзімен бірге ноутбугы және ұялы телефоны болған. Әбиевтің берген түсініктемелерінен, ол жоғалуды қоғам мен билік органдарының назарын өзінің қызметіне аударту үшін өзі ұйымдастырғаны белгілі болды" дейді ішкі істер департаменті.

Abiyev.kz сайтының, «Закон и правосудие» баспасөз клубының жетекшісі Тоқберген Әбиев Астанада сыбайлас жемқорлыққа арналған баспасөз жиынын өткізу туралы мәлімдеген соң 20 желтоқсанда жоғалып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG