Accessibility links

Эво Моралес: Уго Чавестің жағдайы ауыр


Венесуэла президенті Уго Чавес (сол жақта) және Боливия президенті Эво Моралес. Каракас, 4 ақпан 2012 жыл.
Венесуэла президенті Уго Чавес (сол жақта) және Боливия президенті Эво Моралес. Каракас, 4 ақпан 2012 жыл.
Боливия президенті Эво Моралес одақтасы, Венесуэла президенті Уго Чавестің жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.

Моралестің айтуынша, Кубада әлі ауруханада жатқан Чавесті тек "дұға тілеу арқылы" ғана аман алып қалуға болады. Ал Венесэула билігі қатерлі ісікке операция жасағаннан кейін Чавестің жағдайы қиындағанын айтқан.

Уго Чавеске 2011 жылдан бері осымен төртінші операция жасалды. Соңғы рет жасалған операциядан соң ол көпшілік алдына шықпай кетті. Венесуэла оппозициясы үкіметтен президенттің денсаулығы туралы шындықты айтуды талап еткен. Демократиялық бірлік коалициясының жетекшісі Рамон Авеледо "үкімет азаматтарға жеткілікті ақпарат беруі тиіс" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG