Accessibility links

Қазақстанда зейнетақы 9 пайызға өсті


Көшеде қайыр сұрап отырған зейнеткер. Ақтөбе, 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
Көшеде қайыр сұрап отырған зейнеткер. Ақтөбе, 2009 жыл. (Көрнекі сурет).
Қазақстан үкіметінің зейнетақы мөлшерін тоғыз пайызға өсіру туралы қаулысы жұма күні ресми баспасөзде жарияланды.

Қаулыға сәйкес, барлық зейнеткерлердің (олардың арасында әскери қызметте, арнайы және құқық қорғау органдарында істеген, арнайы шенге ие адамдар да бар) зейнетақысы көбейеді.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоғыз пайызға көбейген соң ең төменгі зейнетақы мөлшері 19 мың 66 теңге, орташа зейнетақы мөлшері 32 мың 928 теңгені құрайтынын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG