Accessibility links

Атырау-Маңғышлақ пойызының вагоны өртенді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жұма күні кешке №314 «Атырау-Маңғышлақ» жолаушылар пойызының вагонында өрт шыққаны туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше оқиға қаңтардың 4-інде кешкі сағат сегіз жарым шамасында Атырау облысындағы Құлсары станциясынан 57 шақырымдай жерде болған. Жолаушылар пойызының өрт шыққан №12 вагонындағы 51 адам басқа вагондарға көшірілген. Отқа оранған вагонды ағытып тастаған соң пойыз өз бағытымен жолға шыққан.

Ағытылған вагондағы өрт төтенше жағдай қызметкерлерінің күшімен кешкі сағат он бір кезінде толық сөндірілген. Көлемі 160 шаршы метрді қамтыған өрттен адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
XS
SM
MD
LG