Accessibility links

Теміржол тасымалы 12 пайызға қымбаттады


Астана теміржол вокзалы. (Көрнекі сурет).

Астана теміржол вокзалы. (Көрнекі сурет).

"Қазақстан темір жолы" компаниясының серіктес кәсіпорындары - "Жолаушылар тасымалы" және "Қалааралық тасымал" компаниялары жолаушыларды тасымалдау бағасын 12 пайызға қымбаттатты.

"Жолаушы тасымалы" компаниясы таратқан ақпаратқа қарағанда, тасымалдау құнының бағасы "шығындарды азайту мақсатында" табиғи монополияларды реттеу агенттігімен арадағы келісім арқылы қымбаттап отыр.

Компаниялар жолаушыларды тасымалдау құнының қымбаттауына жанармай, су, техникалық қызмет көрсету және вагондарды жөндеу қызметтерінің қымбаттағаны себеп болды дейді.
XS
SM
MD
LG