Accessibility links

Бішкек пен Ташкент қақтығысты бірге тексермек


Қырғызстанның Чарбак ауылының тұрғындары. 7 қаңтар 2013 жыл

Қырғызстанның Чарбак ауылының тұрғындары. 7 қаңтар 2013 жыл

Қырғызстан мен Өзбекстан билігі Өзбекстанның Сох ауданында болған жанжалды бірлесе тергеуге уағдаласты.

Бұл туралы келісім Сох ауданында екі ел шекара қызметі басшыларының кездесуінде жасалды. Кездесуге Қырғызстанның Баткен облысы мен Өзбекстанның Ферғана аймағының басшылары да қатысқан.

Қырғыз шекарашылары мен Сох анклавы тұрғындары арасындағы жанжал 2013 жылы 5 қаңтарда басталған еді. Сох ауданындағы Хушияр ауылының тұрғындары қырғыздың Чарбак ауылы тұсындағы жуықта ашылған шекара бекеті маңында электр желісі бағандарын орнатып жүрген қырғыз шекарашыларына шабуыл жасаған. Шекарашылар наразы тұрғындардың бетін қайтару үшін аспанға қарата оқ атқан.

Жанжалдан үш өзбек азаматы жараланып, бір қырғыз полицейі соққы жеген. Бұдан соң өзбектер 30 қырғыз азаматын кепілге алып, кейін олардың барлығы босатылды.
XS
SM
MD
LG