Accessibility links

Хаменеи ирандықтарды сайлауды сынамауға шақырды


Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.

Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи.

Иранның жоғарғы рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи ирандықтарды маусым айында өтетін президент сайлауын сынамауға шақырды.

Сейсенбіде жасаған мәлімдемесінде Хаменеи сайлауды сынау Тегеранның "жауларына пайдалы екенін" айтты. Ол "тіпті жалпы сайлауға қатысты жай ғана алаңдаушылық білдіргендердің өзі ол жаудың мүддесіне сай келмейтініне мән беруі тиіс" деген ойын білдірді.

Иранда қазір "революциялық кеңестегі консервативтік діншілдер президент сайлауына реформашылдарды қатыстыра ма, әлде қатыстырмай ма" деген сауал шешімін таппаған күйі қалып отыр. Сарапшылардың ойынша, реформашылдар оппозиция жетекшілері Мир Хуссейн Мусави мен Мехди Каррубиден бойларын аулақ салса, сайлауға қатыстырылуы мүмкін.

Мусави мен Карруби 2009 жылғы президент сайлауына түсіп, кейін сайлау нәтижелері мен үкіметке қарсы демонстрацияларда алдыңғы шепте жүрген.

Ол екеуі де "президент Махмуд Ахмединежадтің қайта сайлануы - заңсыз" деген мәлімдемелерінен соң үйқамаққа алынған.
XS
SM
MD
LG