Accessibility links

Ирандағы АЭС электр энергиясын өндіре бастады


Бушер АЭС-інде жұмыс істеп тұрған Ресей мен Иран мамандары. 2009 жыл. (Көрнекі сурет).

Бушер АЭС-інде жұмыс істеп тұрған Ресей мен Иран мамандары. 2009 жыл. (Көрнекі сурет).

Иран елдің солтүстігіндегі Бушер атом электр станциясы (АЭС) екі ай автономды түрде жұмыс істеген соң мемлекеттік энергетикалық жүйесіне толық қуатында қосылғанын хабарлады.

Иран атом энергиясы ұйымының басшысы Ферейдун Аббаси Давани АЭС-тің қазір толық қуатында 1000 мегаватт электр қуатын өндіретінін айтады. Оның сөзіне қарағанда, автономды жұмыс істеу реактор мен ондағы отынды тексеру қажеттілігінен туындаған.

Станцияның алғашқы бөлігі 2012 жылы тамызда іске қосылған еді. АЭС-ті салған ресейлік "Атомстройэкспорт" кәсіпорны станцияның екінші реакторы 2013 жылы наурызда іске қосылатынын мәлімдеген. Кәсіпорын алдағы наурыз айында АЭС-ті жүргізуді ирандық мамандарға тапсырмақ.
XS
SM
MD
LG