Accessibility links

Австралия Иранға жаңа санкциялар салды


Австралия сыртқы істер министрі Боб Карр (ортада).

Австралия сыртқы істер министрі Боб Карр (ортада).

Австралия Иранға "ядролық бағдарламасынан бас тартпай отырғанына байланысты" жаңа санкциялар салғанын хабарлады.

Австралия сыртқы істер министрі Боб Карр бүгін жасаған мәлімдемесінде жаңа санкциялар Иранның қаржы, сауда, энергетика және транспорт салаларына салынғанын айтады.

"Бұл санкциялар Иранға өзінің ядролық қаруды таратпау туралы міндеттемелері мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын орындауға және ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жүргізуге мәжбүрлейді" дейді ол.

Оның айтуынша, санкциялар Еуропа Одағы мен АҚШ-тың бұған дейін салған санкцияларымен бірдей.

Иран өткен аптада "2012 жылы көмірсутек шикізаты импорты 40 пайызға дейін төмендеп кетті" деп хабарлап, оның себебін халықаралық қауымдастық салған санкциялардан көрген еді.
XS
SM
MD
LG