Accessibility links

Францияда күрдтің 3 белсенді әйелін атып кетті


Қастандық жасалған үш әйелдің бірі - Күрд жұмысшы партиясының мүшесі Сакинэ Сансиз.

Қастандық жасалған үш әйелдің бірі - Күрд жұмысшы партиясының мүшесі Сакинэ Сансиз.

Франция полициясы Парижде Күрдтер қоғамы орталығында үш белсенді күрд әйелдің мәйіттері табылғанын хабарлады. Олардың аты-жөндері әзірге белгісіз болғанымен, елдің ішкі істер министрі Мануэль Вальс үш әйелге қастандық жасалғанына күмән жоғын айтады.

Жергілікті ақпарат құралдарының ақпараттарына қарағанда, үш әйелді басынан атып кеткен. Ал Франциядағы күрд веб-сайты олардың арасында Күрд жұмысшы партиясының (КЖП) негізін қалаушылардың бірі бар екенін жазады. Күрд жұмысшы партиясы Түркияның күрдтер басым тұратын оңтүстік-шығысынан автономия алуды мақсат етеді.

Түркияның басқарушы партиясы төрағасының орынбасары Хусейн Челик қастандық КЖП-ның өз ішіндегі "алауыздықтың нәтижесі" деген пікір айтты.

Түркия үкіметі таяуда КЖП-ның қамаудағы жетекшісі Абдолла Оджаланмен партияны қарусыздандыру туралы келіссөздер жүргізе бастаған еді.
XS
SM
MD
LG