Accessibility links

Тәжікстан исламшыл ұйымның күдікті 3 мүшесін ұстады


Тәжікстан ішкі істер министрлігі Өзбекстан шекарасына жақын Мастчох ауданында болған арнайы операция барысында тыйым салынған Өзбекстан ислам қозғалысының (ӨИҚ) мүшесі деген күдікпен үш адам тұтқындалғанын хабарлады.

Қауіпсіздік күштері тұтқындалғандардан қару-жарақтар тәркілеген. Операцияда бір полиция офицері жараланған.

ӨИҚ Орталық Азияда ислам халифатын орнатуды көздейді. Қозғалыстың "Талибан" және "Әл-Қаида" ұйымдарымен байланысы бар деген жорамал бар.

Қозғалыс Тәжікстанда 2010 жылдары белсенді әрекет етіп, елде ондаған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері қаза тапқан еді. ӨИҚ кейін ір-әрекетін Ауғанстанда жалғастырды.
XS
SM
MD
LG