Accessibility links

Ауғанстандағы әскери шараларды доғарудың жаңа мерзімі белгіленді


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама баспасөз мәслихатында. Ақ үй, Вашингтон, 11 қаңтар 2013 ж.

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама баспасөз мәслихатында. Ақ үй, Вашингтон, 11 қаңтар 2013 ж.

АҚШ президенті Барак Обама мен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай жұма күні Вашингтонда өткен кездесуде Ауғанстандағы АҚШ күштері биыл көктемде әскери операциялардың ауқымды бөлігін доғаратыны туралы келісімге келді. Бұған дейін ондай әскери іс-қимылдар алдағы жаздан тоқтатылады деп айтылып келген.

Енді көктемнен бастап Ауғанстандағы шетелдік коалиция күштері негізінен ауған әскеріне қолдау көрсету міндетін атқаратын болады.

АҚШ 2014 жылы Ауғанстаннан 60 мыңнан астам сарбазын шығарған соң ол елде саны шектеулі әскерін қалдыратынын осыған дейін мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG