Accessibility links

Бүгін түнгі сағат 00:50-де Алматы облысы Кербұлақ ауданында 9 көлікпен жолда кетіп бара жатқан 14 адам, арасында 2 бала бар, қар құрсауында қалып қойғаны туралы ақпарат түсті деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

«Кербұлақ-Қоғалы» тас жолында қалың қардан шыға алмай тұрып қалған 9 көлікке жеткен төтенше қызметтің жедел-құтқару тобы оларды жолдың тазартылған бөлігіне алып шыққан соң жолаушылар сапарын жалғастырған.

Құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ деп хабарлайды төтенше жағдай министрлігі.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG