Accessibility links

Алматыға келетін көліктерге талап күшейтіледі


Алматы көшесіндегі көліктер.
Алматы көшесіндегі көліктер.
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов таяу болашақта Алматыға кіре беріс жерлерде 13 экологиялық бекеттің құрылатындығын айтып, экологиялық талапқа сай келмеген автокөліктердің қалаға кіргізілмейтінін туралы мәлімдеді. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бюджеттің есебінен біз экологиялық постар үшін 56 қондырғы сатып алдық. Полиция қызметкерлерінің жұмысының ашық әрі жариялы болуы үшін көпшілікті бұл іске кеңінен тартып, видеофиксациясы бар камераларды барлық постыларға орнату қажет», - деген Ахметжан Есімов жұма күні қаланың транспорттық құрылымына арналған жиында.

Ол Алматыға кіретін жерде 4 автовокзал салынатындығын, олардың әрқайсысында сыйымдылығы 5 мың орындық автотұрақтар ашылатындығынан хабардар еткен.

«Қала қонақтары Алматыға кіре беріс жерге өз көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көліктерге отырады», - деген әкім.

Есімов қазіргі кезде муниципалды таксопарк құру мәселесінің көтеріліп жатқандығын, оның жеке тасмылдаушыларға бәсеке болып, осы нарықты реттеушіге айналатындығын да айтқан.

Статистика мәліметтері бойынша, күн сайын Алматыға 200 мыңға жуық автомобиль сырттан келеді.
XS
SM
MD
LG