Accessibility links

Ресми дерек: Қазақстанда 470 мыңнан аса жұмыссыз бар


Жұмысқа қабылдап жатқан компанияда кезекте тұрған адамдар. Көрнекі сурет.

Жұмысқа қабылдап жатқан компанияда кезекте тұрған адамдар. Көрнекі сурет.

2012 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 474,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады деп хабарлайды Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында былтырғы желтоқсан айының соңында 34,6 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4 пайызын құраған.

Статистика агенттігі Қазақстан экономикасында 2012 жылғы желтоқсанда, бағалау бойынша, 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды деген дерек келтіреді. Яғни алдыңғы жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 36,2 мың адамға немесе 0,4 пайызға көп. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,8 млн. адамды - жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 68,8 % құраған.
XS
SM
MD
LG