Accessibility links

Әбсаттар Дербісәлі «қой терісін жамылған діни ағымдар» туралы айтты


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің елдегі имамдардың қатысуымен жиын өткізгені туралы ақпарат ҚМДБ-ның ресми сайтында жарияланды.

Халықтың діни сауатын ашып, оларды ізгілікті істерге бастау туралы дін қызметкеріне жүктелетін міндет туралы сөзінде мүфти кейбір ағымдардан сақтану қажеттігін де ескерткен.

– Қой терісін жамылған діни ағымдардың жымысқы іс-әрекетін тоқтату, ағартушылық бағытта тынбай тірлік ету, мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында ел бірлігі, халық ынтымағы, иман байлығы жайлы уағыз-насихаттарымызды күшейтуіміз керек. Сонда ғана кейбір діни ағымның жетегінде кеткен жастарымыз теріс пиғылды паш етіп жүрген секталардан секем алып, бабаларымыздан жеткен дәстүрлі дініміз – Исламмен қауышады, – деген Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Сондай-ақ ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы биылғы жолдауында дін саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылғанын айтқан.

«Діни басқарма осы бағыт бойынша жұмыс жасап келеді. Бұл игі-дәстүр бұдан былай да жалғаса бермек» деген ҚМДБ-ның төрағасы.

Бүгінгі жиында ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкіл имамы Амантай Сәдиев сәләфи бағыттағы 27 адамның өз райынан қайтып, бұдан былай ханафи мәзхабын ұстанатынын жеткізді деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.
XS
SM
MD
LG