Accessibility links

Грузияда 190 саяси тұтқын түрмеден босатылды


Рақымшылық заңына қол қойған парламент спикері Давит Усупашвили. Кутаиси, 21 қазан 2012 жыл.

Рақымшылық заңына қол қойған парламент спикері Давит Усупашвили. Кутаиси, 21 қазан 2012 жыл.

Грузияда рақымшылық заңы бойынша жексенбіде түрмелерден 190 тұтқын мерзімінен бұрын босатылды.

Босатылғандардың барлығын парламент өткен жылдың соңында саяси тұтқын деп таныған еді. Босатылған 190 тұтқын - 2005-2011 жылдар аралығында оппозициялық саяси қызметтерге қатысы бар деп айыпталып, сотталған азаматтар.

Президент Михаил Саакашвили 27 желтоқсанда рақымшылық заңының "саяси тұтқындар" туралы бөлігіне вето қойған. Бірақ оны парламент ертесіне-ақ көпшілік дауыспен еңсерген еді. Ал 11 қаңтарда президенттің заңға қол қою мерзімі аяқталған соң, оның орнына парламент спикері Давит Усупашвили қол қойып, заң күшіне енді.

Рақымшылық заңы бойынша алдағы апталарда барлығы 3 мың тұтқын босатылуы тиіс.
XS
SM
MD
LG