Accessibility links

Қаратау мен Жаңатасқа жарық беріле бастады


"Жамбыл облысының Қаратау мен Жаңатас қалаларына дүйсенбі таң ата жарық берілді" деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

"Қаратау мен Жаңатас қалаларына ортақ желіден электр қуаты берілді. Бүгін түске дейін алғашқы кезекте жылу қазандықтары іске қосылуы тиіс" деп жазылған баспасөз хабарламасында. Бұған қоса, Қаратауда "Қазақтелеком" телефон байланысы да іске қосылған.

12 қаңтарда облыстың Сарысу, Талас аудандары мен Жаңатас қаласында ауа-райының күрт бұзылуынан электр желісі істен шығып, Қаратау мен Жаңатас қалалары электр қуатынсыз қалған еді.
XS
SM
MD
LG