Accessibility links

Екі облыста кейбір жолдар жабылды


Қар, қыс айы. Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекті сурет).

Қар, қыс айы. Алматы, 5 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекті сурет).

Дүйсенбіде Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа-райының қолайсыздығынан жолдарда барлық автокөлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігі.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен "Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы" тас жолының "Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы" бөлігінде (105-123 шақырымы) барлық авто көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Ал Ақмола облысында "Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолында да (16-205 шақырымы) барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылған.
XS
SM
MD
LG