Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда су басқан үйлер саны артты


Су басқан үйлер. Орал қаласы, сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Су басқан үйлер. Орал қаласы, сәуір 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында су басқан үйлер мен аулалар саны 169-ға жетті деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Ауданның Жылға елді мекенінде 37 үй мен 108 ауланы су басты. Қарақалпақ ауылында 9 үй мен 9 ауланы су басып, 2 үй қирады. Тасқұдық ауылында 2 үй мен 2 ауланы су басты" делінген төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Су басқан үйлер мен аулалардың көпшілігінен су өздігінен ағып кеткен. 21 ауланың суын сорғызып шығарған. Қазір Сарыағаш ауданында құтқару жұмыстары аяқталған. Зардап шеккендер жоқ.

12 қаңтарда ауа райының жылынуы мен жаңбырдың салдарынан Сарыағаш ауданының Жылға ауылында 40 шақты үйді су басқан еді.
XS
SM
MD
LG