Accessibility links

АҚШ әскерінің Ауғанстанда қалуы 8-9 айда анықталады


Ауғанстан мен АҚШ президенттері Хамид Карзай және Барак Обама. Вашингтон, 11 қаңтар 2013 жыл.
Ауғанстан мен АҚШ президенттері Хамид Карзай және Барак Обама. Вашингтон, 11 қаңтар 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай АҚШ әскерінің осы елде 2014 жылдан кейін қалу, я қалмау мәселесі 8-9 айдан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.

Өткен аптада АҚШ-қа жасаған сапарынан соң бүгін Кабулде баспасөз жиынын өткізген Карзай ауған үкіметінің осы мәселе бойынша АҚШ-тың әуелгі ұсынысын қабылдамай қойғанын айтты. Келесі келіссөздер енді Кабулде өтпек.

АҚШ президенті Барак Обама Құрама Штаттар егер өз әскери қызметкерлеріне ауған сотының қудаламайтынына кепілдік берілмесе, 2014 жылы бітімгершілік күштер әскері шығарылған соң мұнда бір де бір сарбазын қалдырмайтыны туралы айтқан еді. Обама мұның есесіне Ауғанстанда қылмыс жасаған америкалық әскерилердің ісін АҚШ әскери сотында қарауды ұсынған.
XS
SM
MD
LG