Accessibility links

Азиада-2011 дирекциясы басшысы үстінен іс қозғалды


Алматы мен Астана қалаларында өткен 7қысқы Азия ойындарының таңбасы.

Алматы мен Астана қалаларында өткен 7қысқы Азия ойындарының таңбасы.

Қысқы Азия ойындары дирекциясы директорының үстінен 23 миллион теңге мемлекет қаржысын жымқырғаны туралы қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы).

Агенттік таратқан хабарламаға қарағанда, Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті "2011 жылғы қысқы Азия ойындары" мемлекеттік мекемесі директорының үстінен қылмыстық кодекстің 176 бабы 3 тармағының "б, г" бөлімдері бойынша ("сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап ету") іс қозғаған.

"Ол 2011 жылы концерттік бағдарламаларды қаржыландыру деген сылтаумен 23 миллион теңге бюджет қаржысынжымқырған" делінген ақпаратта.
XS
SM
MD
LG