Accessibility links

Жамбылдағы дауылдан он шақты адам жараланған


Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

"Жамбыл облысында өткен сенбіде болған дауылдан 10-ға тарта адам жараланды" деп хабарлады сейсенбіде төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Министр үкіметтегі жиында журналистерге он шақты адамның түрлі жарақат алып, ауруханада ем қабылдағанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, олардың денсаулығына аса ауыр зақым келмеген.

12 қаңтарда облыстың Сарысу, Талас аудандары мен Жаңатас қаласында ауа-райының күрт бұзылуынан электр желісі істен шығып, Қаратау мен Жаңатас қалалары электр қуатынсыз қалған еді.
XS
SM
MD
LG