Accessibility links

Франция Малидегі әскерін көбейтпек


Малиде жүрген фрацуз әскер. Бамако, 14 қаңтар 2013 жыл.
Малиде жүрген фрацуз әскер. Бамако, 14 қаңтар 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд Малиде исламшыл көтерілісшілерге қарсы операцияларға 750 француз әскері қатысып жатқанын мәлімдеді.

Абу-Дабидегі француз әскери базасында сөйлеген Олланд "исламшыл бүлікшілерге қарсы операциялардағы француз әскерінің саны артатынын", бірақ олар операцияларды африкалық елдер күштеріне "барынша жедел түрде тапсыратынын" айтты. Африка елдерінің біріккен күштері операцияларға кірісуіне "кем дегенде бір апта уақыт кетпек".

Олландтың сөзіне қарағанда, өткен түні исламшыл бүлікшілерге қарсы жасалған жаңа әуе шабуылдары "діттеген мақсатына жеткен".

Француз әскері өткен жұмадан бері Мали үкімет күштерінің өткен жылы сәуір айынан бері елдің солтүстігін бақылауына алған исламшыл бүлікшілерге қарсы шабуылдарына қолдау көрсетіп келеді.

Дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі француздар басқарған әскери операцияларға қолдау білдірген.
XS
SM
MD
LG