Accessibility links

Сирияда екі жарылыстан 80 адам мерт болды


Жарылыстардан қираған университет ғимараты. Алеппо, Сирия, 15 қаңтар 2013 жыл.

Жарылыстардан қираған университет ғимараты. Алеппо, Сирия, 15 қаңтар 2013 жыл.

Сирияның Алеппо қаласында университетте екі жарылыс болды. Алеппо мэрі Мұхаммед Уахид Акадтың мәлімдеуіне қарағанда, жарылыстан 80 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Дәрігерлер мен студенттер берген дерекке сүйенген сириялық құқық қорғаушылар жарылыстан 52 адам құрбан болғанын хабарлады. Белсенділер жарылысқа себеп болған снарядтарды үкімет күштері атқанын айтады.

Сирия мемлекеттік телеарнасы "университетке зымырандарды терроршылар жіберді" деп, көтерілісшілерді айыптады. Университет үкіметтік күштердің бақылауындағы аймақта орналасқан.

Алеппо - Сирияның ең ірі мегаполисі. Елде қақтығыстар басталғалы бері қала әскери қимылдар алаңына айналған.
XS
SM
MD
LG