Accessibility links

Freedom House: Қазақстан "еркін" ел емес


Freedom house ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Freedom house ұйымының логотипі. (Көрнекі сурет).
Freedom House ("Фридом хаус") халықаралық құқық қорғау ұйымы әлем елдеріндегі еркіндік деңгейі туралы жыл сайынғы есебін жариялады.

Ұйым түзген рейтингте Қазақстан 2012 жылы "еркін емес елдердің" қатарына қосылған.

Ұйым есебі бойынша, Балтық бойы елдерінен өзге постсоветтік кеңістік таяу Шығыс сияқты әлемдегі саяси және әлеуметтік тұрғыдан ең репрессивті аймаққа айналған. "Ресей президенті Владимир Путин қуғындаудың жаңа кезеңін бастады. Қазақстан, Тәжікстан және Украинада 2011 жылмен салыстырғанда еркіндік деңгейі азайған. Ал Әзербайжан, Өзбекстан, Түркіменстан және Беларусь әлемдегі ең репрессивті мемлекеттер қатарында қалып отыр" делінген Freedom House есебінде.

Дегенмен ұйым Таяу Шығыстың кейбір елдерінде, мысалы, Ливияда еркіндік деңгейі аз да болса көтеріліп келе жатқанын, бірақ оған "діни сипаттағы саяси топтардың тартысы" қауіп төндіріп тұрғанын көрсетеді.

Ұйым 90 мемлекетті "еркін", 58 мемлекетті "жартылай еркін", 47 мемлекетті "еркін емес" ел қатарына жатқызып, 2012 жылмен қоса алғанда соңғы жеті жыл бойына әлем елдеріндегі еркіндік деңгейі үнемі төмендеп келеді деген қорытынды шығарған.
XS
SM
MD
LG